Жаңалықтар

Өткен тәулікте 116 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

2022 жылғы 21 қыркүйек 08:30
Өткен тәулікте 116 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 116 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 392 734 жетті. Оның ішінде: Астана қаласында - 17, Алматы қаласында - 12, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 12, Ақтөбе облысында – 3, Алматы облысында - 1, Жетісу облысында - 3, Атырау облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 7, Абай облысында - 0, Жамбыл облысында - 0, Батыс Қазақстан облысында - 9, Қарағанды облысында - 28, Ұлытау облысында - 3, Қостанай облысында - 7, Қызылорда облысында - 0, Маңғыстау облысында - 5, Павлодар облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 5, Түркістан облысында - 0.