Жаңалықтар

Өткен тәулікте 1383 адам коронавирус індетінен сауықты

2021 жылғы 8 шілде 08:15
Өткен тәулікте 1383 адам коронавирус індетінен сауықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 1383 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 131, Алматы қаласы - 120, Шымкент қаласы - 57, Ақмола облысы - 31, Ақтөбе облысы - 72, Алматы облысы - 18, Атырау облысы - 159, Шығыс Қазақстан облысы - 80, Жамбыл облысы - 22, Батыс Қазақстан облысы - 119, Қарағанды облысы - 311, Қостанай облысы - 54, Қызылорда облысы - 31, Маңғыстау облысы - 12, Павлодар облысы - 133, Солтүстік Қазақстан облысы - 11, Түркістан облысы - 22. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 406282.