Жаңалықтар

Өткен тәулікте 181 адамнан коронавирус анықталды

2023 жылғы 1 қаңтар 11:28
Өткен тәулікте 181 адамнан коронавирус анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте 181 адамнан коронавирус анықталып, 17 адам аталмыш дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда, 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 806 адам коронавирус инфекциясынан (–2 610+ және 196 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 547 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.