Жаңалықтар

Өткен тәулікте 1954 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

2021 жылғы 16 қазан 08:15
Өткен тәулікте 1954 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 1954 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 52, Алматы қаласы - 400, Шымкент қаласы - 112, Ақмола облысы - 55, Ақтөбе облысы - 177, Алматы облысы - 72, Атырау облысы - 71, Шығыс Қазақстан облысы - 182, Жамбыл облысы - 55, Батыс Қазақстан облысы - 106, Қарағанды облысы - 141, Қостанай облысы - 174, Қызылорда облысы - 30, Маңғыстау облысы - 7, Павлодар облысы - 171, Солтүстік Қазақстан облысы - 94, Түркістан облысы - 55. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 856930.