Жаңалықтар

Өткен тәулікте 202 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

2023 жылғы 7 қаңтар 09:52
Өткен тәулікте 202 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте 202 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 437 адам коронавирус инфекциясынан (–2 295+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 272 пациент стационарда, 2 165 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 15 адамның жағдайы ауыр, • 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.