Жаңалықтар

Өткен тәулікте 211 адамнан коронавирус анықталды

2022 жылғы 30 желтоқсан 08:09
Өткен тәулікте 211 адамнан коронавирус анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 211, коронавирус белгілері бар пневмонияға 29 адам шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

30 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 754 адам коронавирус инфекциясынан (–2 578+ және 176 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 247 пациент стационарда, 2 507 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 6 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.