Жаңалықтар

Өткен тәулікте 46 адамнан коронавирус анықталды

2023 жылғы 24 қаңтар 08:22
Өткен тәулікте 46 адамнан коронавирус анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте елімізде 46 адамнан коронавирус анықталып, 5 адам аталмыш дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

24 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 790 адам коронавирус инфекциясынан (–1 652+ және 138 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 698 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 5 адамның жағдайы ауыр, • 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.