Жаңалықтар

Өткен тәулікте елімізде 115 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

2023 жылғы 2 қаңтар 11:55
Өткен тәулікте елімізде 115 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте елімізде 115 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 814 адам коронавирус инфекциясынан (–2 616+ және 198 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 555 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 7 адамның жағдайы ауыр, • 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.