Жаңалықтар

Өткен тәулікте елімізде 87 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

2023 жылғы 4 қаңтар 09:05
Өткен тәулікте елімізде 87 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте елімізде 87 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 600 адам коронавирус инфекциясынан (–2 406+ және 194 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 341 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 7 адамның жағдайы ауыр, • 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.