Жаңалықтар

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қанша

2023 жылғы 3 қаңтар 09:34
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қанша

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 76 жағдайы анықталды, коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, 3 қаңтардағы мәлімет бойынша, өңірлерде коронавирус инфекциясынан 2 680 адам (коронавирустан (КВИ+) –2 487, пневмониядан (КВИ-) – 193) емделуде. Олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 7 адамның жағдайы ауыр, - 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Айта кетейік, соңғы күндері Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары төмендеп келеді. Мәселен, 1 қаңтарда вирус - 115 адамнан, 31 желтоқсанда 181 адамнан анықталған еді. Пандемия басталғалы елімізде аталған індет 1 403 328 адамда тіркелді, қайтыс болды 13 695 науқас. Коронавирус белгілері бар пневмонияға 90 599 адам шалдықты, көз жұмды 5 363 науқас.