Жаңалықтар

Өткен тәулікте Қазақстанда пневмониядан 1 адам қайтыс болды

2020 жылғы 28 қыркүйек 09:20
Өткен тәулікте Қазақстанда пневмониядан 1 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 38 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020 сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ пневмониядан 1 адам қайтыс болды, 21 адам аурудан айығып кетті.

Айта кетейік, биылғы жылдың 1 тамызынан бастап, коронавирус белгісі бар пневмониямен науқастанғандар саны 32490 адамды құрап отыр. Сондай-ақ 350 адам қайтыс болып, 27057 адам аурудан жазылып шықты.