Жаңалықтар

Өткен тәулікте коронавирус 39 адамнан анықталды - ДСМ

2022 жылғы 9 қазан 09:12
Өткен тәулікте коронавирус 39 адамнан анықталды - ДСМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус 39 адамнан анықталды, тағы 3 адам коронавирус пневмониясын жұқтырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 8 қазанға дейін аталған індетке 1 393 974 адам шалдықты. Қаза болды – 13692 науқас. Ал пневмония 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 7 қазанға дейін 90 096 адамда тіркелді. Қайтыс болды – 5 360 пациент. Қазір ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 1 082 адам емделіп жатыр, соның ішінде коронавирустан – 945 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 137 (КВИ-) науқас. 116 пациент стационарда жатса, 966 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 6 адамның жағдайы ауыр, - 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Еске салайық, 7 қазандағы тәулік ішінде ел өңірлерінде коронавирус инфекциясы - 51 адамнан, коронавирус пневмониясы 4 адамнан анықталған болатын.