Жаңалықтар

Өткен тәулікте коронавирус қай өңірде көп анықталды

2022 жылғы 1 тамыз 08:23
Өткен тәулікте коронавирус қай өңірде көп анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 2414 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 947, Алматы қаласында - 464, Шымкент қаласында – 18, Ақмола облысында – 101, Ақтөбе облысында – 12, Алматы облысында - 44, Жетісу облысында - 42, Атырау облысында - 41, Шығыс Қазақстан облысында - 8, Абай облысында - 35, Жамбыл облысында - 71, Батыс Қазақстан облысында - 40, Қарағанды облысында - 367, Ұлытау облысында - 17, Қостанай облысында - 26, Қызылорда облысында - 52, Маңғыстау облысында - 18, Павлодар облысында - 55, Солтүстік Қазақстан облысында - 27, Түркістан облысында - 29. Айта кетейік, сенбі күнгі тәулік ішінде коронавирус 2713 адамнан анықталған еді. Жалпы пандемия басталғалы аталған инфекцияға елімізде 1 352 594 адам шалдықты.