Жаңалықтар

Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды

2021 жылғы 27 қыркүйек 09:04
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 32 жағдайы анықталып, 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ аталмыш дерттен 111 адам жазылып шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап, ауырғандар саны 75305 адамды құрады, 4800 адам қайтыс болып, жазылып шыққандар саны 61702 адамды құрады.