Жаңалықтар

Өткен тәулікте коронавирустың белгісі бар пневмониядан бір адам қайтыс болды

2020 жылғы 19 қыркүйек 10:00
Өткен тәулікте коронавирустың белгісі бар пневмониядан бір адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 235 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Пневмониядан 1 адам қайтыс болды, 36 адам одан жазылып кетті.

1 тамыздан бастап барлығы пневмониямен барлығы 30814 адам ауырып, 338 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандардың саны 26569-ға жетті.