Жаңалықтар

Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1102, 17 адам қайтыс болды

2020 жылғы 8 тамыз 10:40
Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1102, 17 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1102 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Coronavirus2020.kz. сайтына сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 12110, 137 өлім жағдайы тіркелді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.