Жаңалықтар
-
26.01.2023 08:41
-
25.01.2023 08:20
-
24.01.2023 08:22
-
23.01.2023 21:54
-
23.01.2023 16:50
-
23.01.2023 16:45
-
23.01.2023 07:50
-
21.01.2023 09:02
-
20.01.2023 08:32
-
19.01.2023 09:15
-
16.01.2023 08:04
-
15.01.2023 09:50
-
14.01.2023 09:46
-
13.01.2023 08:23
-
12.01.2023 20:06
-
12.01.2023 09:06
-
11.01.2023 08:30
-
10.01.2023 09:33
-
10.01.2023 08:50
-
09.01.2023 09:20
-
09.01.2023 08:08
-
08.01.2023 10:58
-
08.01.2023 09:34
-
07.01.2023 09:52
-
06.01.2023 12:32
-
06.01.2023 08:43
-
05.01.2023 10:55
-
05.01.2023 09:04
-
04.01.2023 13:30
-
04.01.2023 13:28
-
04.01.2023 13:01
-
04.01.2023 10:22
-
04.01.2023 09:05
-
03.01.2023 09:34
-
02.01.2023 11:55
-
02.01.2023 10:28
-
01.01.2023 11:28
-
31.12.2022 09:25
-
30.12.2022 08:09
-
30.12.2022 00:23
Өзбекстан 16 наурыздан бастап шекарадағы карантиндік шектеулерді алып тастайды
2022 жылғы 16 наурыз 16:18

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – 16 наурыздан бастап Өзбекстан Қазақстан және Тәжікстанмен ортақ шекарасындағы өткізу бекеттерінде бірқатар карантиндік шараларды алып тастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстанның Туризм және мәдени мұра министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл туризмді тез арада қалпына келтіру үшін жасалып отыр. «Өзбекстанның Қазақстанмен шекарасындағы барлық өткізу бекеттері арқылы екі ел азаматтарын еркін өткізу бойынша барлық шектеулер алынады», - деп хабарлайды ведомство. Вакцина паспорты немесе сертификаты бар азаматтар ПТР-тестін тапсырмай-ақ елге еркін кіре береді. Аталған құжаты жоқ азаматтар 72 сағат ішінде жарамды ПТР-тестінің нәтижесін көрсетуі немесе шекарадан өтіп, Өзбекстан аумағына кірген кезде экспресс-тест тапсыруы керек. Сонымен қатар Өзбекстанның Туризм министрлігі Өзбекстан мен Тәжікстан аралығында көлік қозғалысына қойылған шектеулердің алынатынын мәлім етті. Тәжікстан Республикасымен шекаралас өткізу бекеттерінің жұмысын жандандыру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Еске сала кетейік, 2022 жылдың 15 қаңтарында омикрон штамының таралуына байланысты екі ел азаматтарына Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан өтуге шектеу қойылған. Авторы: Мәдибек Жәнібеков