Жаңалықтар

Өзбекстанда 4 миллионнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алады

2021 жылғы 1 наурыз 21:01
Өзбекстанда 4 миллионнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметінің мәліметінше вакцинацияның бірінші кезеңінде елдің 4 миллионнан астам тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Вакцинацияның бірінші кезеңінде 4 112 668 адамды тегін егу жоспарланып отыр. Оның арасында: 1. Егде жастағы адамдар: - 65-тен 74-жасқа дейінгі – 1 085 797 адам; - 75-тен 84-жасқа дейінгі – 388 686 адам; - 85 жастан және одан жоғары– 139 280 адам; 2. Медицина қызметкерлері – 447 976 адам; 3. Созылмалы аурулары бар адамдар – 888 190 адам; 4. Мектеп мұғалімдері – 689 383 адам; 5. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері – 223 426 адам; 6. Құқық қорғау органдары мен қарулы күштердің өкілдері – 180 000 адам. Өзбекстанда вакцинацияның басталуы наурыздың бірінші жартысына жоспарланған. Оны өткізу үшін Ташкенттегі және елдің барлық аймағындағы емдеу-профилактикалық мекемелерінен 3138 кабинет бөлінген. Сонымен қатар халықты коронавирусқа қарсы вакцинацияға 820 мобильді бригада тартылады.