Жаңалықтар

Пандемиямен күрес штабы қызметкерлерге қатысты санитария талаптарын қолдады

2021 жылғы 20 қазан 17:15
Пандемиямен күрес штабы қызметкерлерге қатысты санитария талаптарын қолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пандемиямен күрес жөніндегі азаматтық штаб күндізгі жұмыс форматындағы қызметкерлерге рұқсат беру жөніндегі санитариялық талаптарды қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабы «Вакцина алған және вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа жіберу туралы санитарлық ережелер: қызметкерлердің, бизнес пен тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық аспектілері» атты дөңгелек үстел өткізді. Талқылауға белсенді заңгерлер, құқық саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ ірі компаниялар - жер қойнауын пайдаланушылар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, банк секторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты. «Енгізілетін нормативтік-құқықтық акт бірінші кезекте вакцинациядан медициналық шеттетілгендер бар адамдардың құқықтарын ескереді, өйткені қоғам тез арада иммундау есебінен ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы олардың қауіпсіздігін қорғау қажет. Бұл акт біржақты тәртіппен, вакцинациядан толық медициналық себептерсіз бас тартқан азаматтардың құқықтарын бұзушы ретінде қаралмайды, өйткені олар апта сайын ПЦР тестінің нәтижелерін олардың арасында жұқтырғандарды анықтау үшін, жұмыс орындарында вирустың таралуын одан әрі болдырмау үшін ұсына алады», - деді жиында заңгер, Қазақстан заңгерлер одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Еасмағамбетова жер қойнауын пайдалану саласындағы компаниялар мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін жаңа ережелерді қолдануға қатысты түсініктеме берді. «Осы талаптар қолданылатын компаниялардың қызмет түрлерінің тізімін кеңейту қажет болған жағдайда, мүдделі кәсіпорындар оларды тізімге енгізу үшін жергілікті аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жүгінуі қажет. Өнеркәсіптік компаниялар бойынша қызметкерлерге рұқсат берудің санитариялық талаптарын орталықтандырылған реттеу мәселесі бұдан әрі талқылауға шығарылады, өйткені өңірлерде халық арасында вакцинация деңгейі бойынша әртүрлі жағдай және тиісті әдістер қолданылады. Жалпы алғанда, Қазақстанға ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін кемінде 11, 4 миллион COVID-19 вакцинацияланған азамат қажет, қазіргі уақытта мұндай азаматтардың саны 8 миллионға жақындап келеді, бұл елдің тағы 4 миллион азаматын жедел иммундау қажеттілігін көрсетеді. Бірақ вирус үнемі өзгеріп отыратындықтан, егер біз қалыпты жағдайға оралғымыз келсе, тездетуіміз керек», - дейді ол. Бірден бірнеше ірі компания өкілдері: «Сбербанк России» АҚ еншілес банкі филиалының басшысы Эльмира Нұрғалиева, Атырау қ., «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау Департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов, «Ембімұнайгаз» АҚ жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры Нұрсәуле Тәжмағамбетова жаңа санитарлық ережелерді қолдайтынын білдірді. «Әрбір қызметкердің қауіпсіз еңбек жағдайларына және өз денсаулығын қорғауға құқығы бар. Осы тұрғыдан алғанда, бұл талаптар жұмысшылардың кез-келген құқығын бұзбайды. Керісінше, бұл талаптар қызметкердің сау ұжымда, сау ортада болу құқығын қорғайды» деп санайды олар. Бұл ретте аталған компанияларда вакцинация деңгейі айтарлықтай жоғары және басшылық вакцинацияланатын қызметкерлерді қолдайды, мысалы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да компаниялардың бүкіл тобы бойынша барлық қызметкерлерге вакцинаның әрбір дозасын алған кезде ақылы 2 күн беріледі. Бүгінгі таңда компаниялар тобы бойынша 40 мың қызметкер немесе бүкіл жұмысшының 62% егілді. ҚМГ жекелеген кәсіпорындары бойынша қызметкерлерді вакциналау деңгейі 90-100% жетеді. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Аслан Әбжақов компанияда 36 мың жұмыскердің (32 мың өзінің және 4 мың мердігерлік ұйымының), яғни қызметкерлердің 92% астамы вакцинацияланғанын атап өтті. Вакцинация науқанының сәттілігі көбіне бірінші басшылардың жеке мысалына және қызметкерлердің жұмыс орнында вакцинация пункттерін ашуға көмектескен жергілікті биліктің белсенді қолдауына байланысты болды. Кәсіпорынның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі директоры Андрей Маркин вакцинацияланған қызметкерлерді қолдаудың кешенді бағдарламасы туралы айтып берді (10.000₸ және қатардағы қызметкерлер жеңіп алған 3 жеңіл автокөлік ұтыс ойыны: зауыт слесарі, шахтер және жүк машинасының жүргізушісі). ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов дөңгелек үстелге қатысушыларды жұмыскерлерді сендірудің ұқсас уәждемелік әдістерін пайдалануға шақырды. Егер вакцинация бизнесті жүргізу үшін қауіпсіздіктің жаңа деңгейі деп танылса, біз ұжымдық иммунитетке және иммундауда табысқа қол жеткізе алатынымызды бірыңғай түсінуге келеміз. Құқық қауымдастырылған профессоры, Еуразия технологиялық университетінің адам құқықтарын, инклюзияны және азаматтық қоғамды зерттеу орталығының директоры, «Ел үшін егілемін» коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі азаматтық штабтың қатысушысы Халида Ажигулова жұмыс берушілерге түрлі себептер бойынша вакцинадан бас тартқан және қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр болған қызметкерлер үшін жаңа мамандықтарды онлайн форматта оқытуды қарастыруды ұсынды. Оның айтуынша, вакцинациялауға әлі дайын емес азаматтардың құқықтарын ескеру қажет.