Жаңалықтар

Павлодар облысында коронавирус індетінен 1 науқас көз жұмды

2020 жылғы 13 маусым 21:40

Павлодар облысында коронавирус індетінен 1 науқас көз жұмды.

1942 жылы туған әйел адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 73 адам қайтыс болды:

Нұр-Сұлтан қаласы – 14
Алматы қаласы – 10
Шымкент қаласы – 11
Ақмола облысы – 4
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 4
Қарағанды облысы – 7
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 11
Түркістан облысы – 3