Жаңалықтар

Pfizer мен Moderna коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасын көтерді

2021 жылғы 2 тамыз 08:32
Pfizer мен Moderna коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасын көтерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Pfizer мен Moderna фармацевтика компаниялары Еуроодақ үшін коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Британдық Financial Times газетінің хабарлауынша, енді Pfizer-дің бір дозасы 19,50 еуро тұрады, бұдан бұрын оның құны 15,50 еуро болған. Осылайша, неміс-ағылшын вакцинасы 25%-ға қымбаттаған. Осы уақытта Moderna препаратының бір дозасы 19-дан 21,50 еуроға дейін көтерілді. Өндірушілердің айтуынша, сынақтың үшінші кезеңі вакцинаның мРНҚ-сы векторлық препараттарға қарағанда тиімдірек екенін көрсеткен. Одан бөлек, AstraZeneca мен Johnson&Johnson арзан вакциналарына қарағанда, жанама әсерлердің пайда болу қаупі төменірек болып шықты. Financial Times журналистері Еуроодақтың вакциналарды жаңа бағамен алуға келіскенін анықтады. Препараттың құнын қайта қарау бірқатар Еуропа елдерінің халыққа вакцинаның екі дозасын салдырғаннан соң жарты жыл өткеннен кейін үшінші дозаны салдыру жөнінде шешім қабылдап жақтан тұста жүргізілді.