Жаңалықтар

Пневмония: 8 адам ауруға шалдығып, 3 пациент қайтыс болды

2021 жылғы 26 қаңтар 09:01
Пневмония: 8 адам ауруға шалдығып, 3 пациент қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 қаңтардағы коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 қаңтарда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 37 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 47 445, 558 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 220 жетті.