Жаңалықтар

Пневмония: Бір тәулікте 164 адам ауруға шалдығып, 3 науқас қайтыс болды

2020 жылғы 29 қараша 09:33
Пневмония: Бір тәулікте 164 адам ауруға шалдығып, 3 науқас қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 қарашада тіркелген коронавирус белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 164 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 72 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 42 104, 443 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30 494 жетті.