Жаңалықтар

Пневмония мен коронавирустан 14 адам көз жұмды

2021 жылғы 26 қараша 08:40
Пневмония мен коронавирустан 14 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 14 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 қарашадағы жағдай бойынша, коронавирус инфекция белгілері бар пневмонияның 92 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 175 адам емделіп шықты. 13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 82360, 5130 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 73443 жетті.