Жаңалықтар

Пневмония: Өткен тәулікте 228 адам ауруға шалдығып, 1 адам көз жұмды

2020 жылғы 24 қыркүйек 09:21
Пневмония: Өткен тәулікте 228 адам ауруға шалдығып, 1 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 24 қыркүйекте тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 228 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 31 760, 346 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26 805 жетті.