Жаңалықтар

Пневмониядан 1 адам көз жұмды

2020 жылғы 21 қыркүйек 09:12
Пневмониядан 1 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 62 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 62 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 40 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31148, 344 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26709 жетті.