Жаңалықтар

Польша президенті коронавирусқа шалдықты

2020 жылғы 24 қазан 13:34
Польша президенті коронавирусқа шалдықты

ВАРШАВА. ҚазАқпарат – Польша президенті Анджей Дуданың коронавирусқа тапсырған тест қорытындысы оң болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Берілген кеңестерге сәйкес, кеше президент Анджей Дуда коронавирусқа тест тапсырды. Оның қорытындысы оң болып шықты. Президент өзін жақсы сезінеді. Біз тиісті медициналық қызметтермен үнемі байланыстамыз», - деп жазды Twitter-де Польша президентінің баспасөз хатшысы Блажей Спыхальски. Еске сала кетсек, кеше Польшада бір тәулік ішінде коронавирусқа шалдығудың жаңа антирекорды орнатылды. Елде 13 632 адамның қауіпті вирус жұқтырғаны анықталған. Бұл – эпидемия басталғалы елде тіркелген ең үлкен көрсеткіш.