Жаңалықтар

ПТР-анықтамасыз ұшып келген британдық Қазақстаннан депортацияланды

2020 жылғы 24 қазан 11:50
ПТР-анықтамасыз ұшып келген британдық Қазақстаннан депортацияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау қаласына коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келген Ұлыбритания азаматы еліне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«24 қазан күні Ақтау қаласының әуежайынан ПТР-анықтамасы болмаған Ұлыбритания азаматы депортацияланды. Сондай-ақ, 24 қазан түнінде 9 рейспен 1158 адам ұшып келген. Соның ішінде 951 жолаушының ПТР-анықтамасы болған, Қазақстанның 207 азаматында анықтама болған жоқ. Рейстердің: - 4-еуі Нұр-Сұлтан қаласына (471 жолаушы, оның 385-інде анықтама болды, 86 адам анықтамасыз); - 4-еуі Алматы қаласына (588 жолаушы, оның 472-сінде анықтама болды, 116 адам анықтамасыз); - 1-еуі Ақтау қаласына (99 жолаушы, оның 94-інде анықтама болды, 5 адам анықтамасыз) жасалды», - деп хабарланды ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында. Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-талдау тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларындағы карантин стационарларына орналастырылды. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Беларусь, Мысырдан халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген.