Жаңалықтар

ПТР тестілеу саны тәулігіне 48 мыңға жеткізілді - ДСМ

2021 жылғы 14 сәуір 17:18
ПТР тестілеу саны тәулігіне 48 мыңға жеткізілді - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус инфекциясын анықтауға арналған ПТР тестілеу тәулігіне 48 мыңға жеткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпидемиологиялық ахуалға байланысты сәуірде тестілеудің тәуліктің саны 48 мыңға жеткізілді. Бұл еліміздегі барлық тәуліктік қуаттың 41 пайызын құрайды. Барлық өңірде критерийлерге сәйкес, шектеу іс-шаралары қолданылуда», - деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Вице-министрдің дерегінше, қазіргі уақытта елімізде коронавирусқа шалдыққандырды емдеу үшін 31 219 төсек-орын дайындалған. Олардың 40 пайызында науқастар ем алуда. Ал инфекциялық стационарларды шамамен 2 800 реанимациялық төсек-орын әзірленген. Шамамен 26 пайызында науқастар жатыр.