Жаңалықтар

QazVac вакцинасын қанша адам алды

2021 жылғы 16 маусым 14:16
QazVac вакцинасын қанша адам алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде QazVac вакцинасының 1-компонентін 41 мың адам алды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«QazVac вакцинасы сәуір айының соңында жеткізіле бастады. Сәуірдің соңында 50 мың, мамырда тағы да 50 мың вакцина дозасы жеткізілді. Ал маусым айының соңына дейін 100 мың вакцина дозасын жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінде QazVac вакцинасының бірінші дозасымен шамамен 41 мың адам, екінші дозасымен 22 мың адам екпе алды. Барлық өңірде вакцина бар. Тек бүгін Алматыда ғана бітеді», - деді комитет төрайымы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Сонымен қатар ол вакцина өңірлерде жеткілік көлемде болған кезде оны сауда орталықтарынан да алуға болатындығын баса айтты. «Бұл орайда 50 мың доза QazVac вакцинасы өңірлер шегінде 2 мыңнан 6 мың дозаға дейін бөлінеді. Сондықтан өңірлер бұл вакцинаны сауда орталықтарындағы немесе денсаулық сақтау ұйымындағы екпе пункттерінде жүргізуді өздері шешеді», - деді Айжан Есмағамбетова.