Жаңалықтар
-
кеше 09:00
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
-
23.02.2021 12:43
-
23.02.2021 09:42
-
23.02.2021 09:09
-
23.02.2021 09:04
-
23.02.2021 09:00
-
23.02.2021 08:15
-
23.02.2021 08:00
-
22.02.2021 23:15
-
22.02.2021 22:33
Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 3,5 миллионнан асты
2021 жылғы 15 қаңтар 23:44

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Ресейде бір тәулікте 24 715 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Коронавирусқа қарсы күрес шұғыл штабының мәліметінше, Ресей Федерациясында КВИ жұқтырғандардың жалпы саны 3 млн 520 мыңға жеткен. Жаңа жағдайлардың өсімі 0,7% болып отыр. Бірқатар өңірде өсім төмен, олар - Тыва Республикасы (0,1%), Ямал-Ненец автономия аймағы, Еврей автономия облысы ( 0,3%) және Магадан, Кемерово және Ненец автономиялары (0,4%). Қазіргі таңда ел аумағында 546 356 науқас індеттен емделіп жатыр. Соңғы тәулікте 27 636 науқас коронавирустан жазылып кетті. Барлық емделіп шыққандардың саны - 2 млн 909 мың 680 адам. Дертінен айыққандардың үлесі 82 пайыздан асты. Бір күнде 555 пациент COVID-19 дертінен көз жұмған. Ал науқастан қайтыс болғандардың жалпы саны - 64 495.