Жаңалықтар

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 650 мыңнан асты

2020 жылғы 1 шілде 15:28
Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 650 мыңнан асты

МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат –– Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 6556 адамға артып, 654 405-ке жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні журналистерге жаңа инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штабтан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресейде алты күн бойы ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 7 мыңнан асып отыр. Соңғы екі күнде тәуліктік өсім салыстырмалы түрде 1% аспайды. Қазір емделіп жатқан науқастар саны 225 879 адамнан 221 938 адамға азайды. Бір тәулікте коронавирустан емделіп шыққандар саны 10281 адам болса, жазылғандардың жалпы саны – 422 931.

Штабтың мәліметіне сәйкес, Ресейде сауығып шыққандардың саны коронавирус жұқтырғандардың 64,6% құрайды. Ресейде коронавирустан бір тәулікте қайтыс болғандар саны 216 адамға артып, 9 536-ны құрады. Бір тәулік бұрын бұл көрсеткіш 154 адам болған.