Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
-
23.02.2021 12:43
Рудныйда ойын клубы карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған
2021 жылғы 20 қаңтар 22:02

РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласының полицейлері карантин шараларын сақтамаған ойын клубын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспаөз қызметіне сілтеме жасап.
Рудный қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі мәлім еткендей, Иван Франко көшесінде орналасқан «LOTO клаб» ойын клубы карантин басталғалы үздіксіз жұмыс істеп тұрған. Белгіленген қатаң карантин шараларын бұзған клуб жабылып қалуы да мүмкін. Карантин кезінде компьютерлік және ойын клубтарының жұмысына тыйым салынғанына қарамастан, мекеме өз қызметін жүзеге асырды. «Полиция кіріп келген кезде ойын залында 10-нан астам адам болған. Тәртіп сақшылары жинаған материалдар ары қарай шешім қабылдау үшін Рудный қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды», делінген ведомство хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында карантин кезінде қоғамдық тамақтану нысандарының, ойын және компьютер салондарының жұмысына сағат 20:00-ден кейін тыйым салынған.