Жаңалықтар

Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бес жолаушыдан коронавирус анықталды

2021 жылғы 2 наурыз 11:19
Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бес жолаушыдан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 1 наурызында Қазақстанға БАӘ, Мальдив Республикасы, Түркия, Беларусь, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

Ондағы 2 091 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 892 адам, анықтамасыз 199 ҚР азаматы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 371 жолаушы, анықтамамен – 1 182, анықтамасыз - 189; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 476 жолаушы, анықтамамен - 468; анықтамасыз - 8. Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 142 жолаушы, анықтамамен - 140; анықтамасыз - 2. Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 102 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 28 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижесі бойынша анықтамасыз келген 729 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Киев – Алматы рейсімен келген төрт жолаушыдан және Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.