Жаңалықтар

Шекарадан кіріп-шығудың шарттары жеңілдетілді

2021 жылғы 20 қазан 10:50
Шекарадан кіріп-шығудың шарттары жеңілдетілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің жанындағы коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мемлекеттік шекарадан кіріп-шығудың шарттарын жеңілдетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі хабарлады. «COVID-19 пандемиясына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өтудегі шектеулер жалғасады. 2021 жылдың 13 қазанында Қазақстан Үкіметінің жанындағы коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия карантин шектеулері кезеңінде мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жаңа тәртібін бекітті. Бұл құжатпен knb.gov.kz интернет ресурсының және ресми каналдардың «Пайдалы сілтемелер» бөлімінен оқып танысуға болады», - деліген шекара қызметінің Instagram парақшасында. https://www.instagram.com/p/CVNunnoIzyJ/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again Жаңа ережеде ел аумағынан сыртқа шығудың тәртібі жеңілдетілді. Отбасы мүшесінің немесе жақын туысының қазасына, қатты ауырып жатқан туысқанын көруге шыққан болса, Қазақстан азаматы шекараны жұбайымен және кәмелекетке толмаған баласымен бірге кесіп өте алады. Бірақ бара жатқан туысқаны мен оның арасында ерлі-зайыптылық, ата-ана мен бала, асырап алған немесе асырап алынған туысқандық, толыққанды немесе жартылай ағайындылық, ата-әже мен немере сияқты туыстық қатынасы болуы керек.