Жаңалықтар

Шет елдерден әуе рейсімен келген 588 жолаушыдан коронавирус анықталмады

2021 жылғы 19 қаңтар 15:33
Шет елдерден әуе рейсімен келген 588 жолаушыдан коронавирус анықталмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 қаңтарда Қазақстан аумағына Италия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, Беларусь Республикасынан 6 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

878 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 746 адам, анықтамасыз 132 адам келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 3 рейс, 558 жолаушы, анықтамамен - 443, анықтамасыз - 115; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 181 жолаушы, анықтамамен - 165; анықтамасыз - 17; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 139 жолаушы, анықтамамен - 138; анықтамасыз – 1. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тесті тапсырады, нәтижесі шыққана карантин стационарында күтеді. 17 қаңтарда шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ішінде барлық 588 жолаушының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсеткен.