Жаңалықтар

Шетелден ұшып келген 2 адамнан коронавирус анықталды

2020 жылғы 26 қараша 10:38
Шетелден ұшып келген 2 адамнан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, РФ, Корея, БАӘ, Нидерланды, Беларусь Республикасы мен Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 1 026 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 921 азамат, анықтамасыз - 105 адам келді. Барлығы - ҚР азаматы. О ның ішінде: - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, 507 жолаушы, анықтамамен - 431, анықтамасыз - 76; - Алматы қаласының әуежайына - 5 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен - 391, анықтамасыз - 29; - Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 99 жолаушы анықтамамен келді. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижесі бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.