Жаңалықтар

ШҚО-да карантин талаптарын бұзудың 14 фактісі тіркелді

2021 жылғы 14 сәуір 19:31
ШҚО-да карантин талаптарын бұзудың 14 фактісі тіркелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын бұзудың 14 фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде. «13 сәуір күні Семей қаласында 328 нысан тексерілген. Нәтижесінде карантин талабын бұзудың 11 фактісі анықталды. Жалпы сомасы 510 475 теңге болатын 5 хаттама толтырылған. Сондай-ақ бұрын тіркелген заңбұзушылықтар бойынша 758 420 теңге көлемінде үш айыппұл өндірілді», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте. Бұдан бөлек, Алтай ауданында 143 кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізіліп, шектеу шараларын бұзудың 3 фактісі тіркелген.