Жаңалықтар

ШҚО-да карантин талаптарын бұзудың 20-дан астам фактісі тіркелді

2021 жылғы 13 сәуір 18:25
ШҚО-да карантин талаптарын бұзудың 20-дан астам фактісі тіркелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын бұзудың 20-дан астам фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде. «12 сәуір күні Өскеменде 291 нысан тексерілген. Нәтижесінде карантин талабын бұзудың 14 фактісі анықталды. Сондай-ақ бұрын тіркелген заңбұзушылықтар бойынша 554 230 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте. Семей қаласында жүргізілген тексеру барысында шектеу шаралары мен маска режимін бұзған 10 адам тіркелді. 729 250 теңге мөлшерінде он хаттама толтырылып, 904 270 теңге сомасында 14 айыппұл өндірілді. Жалпы өткен тәулікте өңірдің қалалары мен аудандарында 900-ден астам нысан тексерілген.