Жаңалықтар

ШҚО-да карантиндік шектеулер 30 қазанға дейін ұзартылды

2021 жылғы 16 қазан 15:53
ШҚО-да карантиндік шектеулер 30 қазанға дейін ұзартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қ.А. Тұрдиевтің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

​Құжатта жазылғандай, өңір бойынша карантин 30 қазанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 19,5%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,971. Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.