Жаңалықтар

ШҚО-да маска тақпағандар жауапқа тартылуда

2021 жылғы 16 сәуір 01:16
ШҚО-да маска тақпағандар жауапқа тартылуда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеу шараларын бұзудың 20-ға жуық фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде. «14 сәуір күні Өскеменде 303 нысан тексерілген. Нәтижесінде карантин талабын бұзудың 15 фактісі анықталды. Сондай-ақ бұрын тіркелген заңбұзушылықтар бойынша 175 020 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте. Алтай ауданында жүргізілген тексеру барысында 141 нысан қамтылып, шектеу шараларын бұзған 2 адам тіркелді. Глубокое ауданында мониторингілік топтар 117 нысанды тексеріп, маска режимін бұзудың 1 фактісін анықтаған. Сондай-ақ Шемонаиха ауданында тексерілген 75 нысанда маска тақпай жүрген 1 адамға айыппұл салынды.