Жаңалықтар
-
кеше 08:15
-
26.02.2021 22:33
-
26.02.2021 20:27
-
26.02.2021 16:04
-
26.02.2021 15:11
-
26.02.2021 10:01
-
26.02.2021 09:50
-
26.02.2021 09:20
-
26.02.2021 08:29
-
26.02.2021 08:15
-
25.02.2021 22:08
-
25.02.2021 20:42
-
25.02.2021 18:28
-
25.02.2021 10:36
-
25.02.2021 10:10
-
25.02.2021 09:48
-
25.02.2021 09:43
-
25.02.2021 08:58
-
25.02.2021 08:34
-
25.02.2021 08:15
-
25.02.2021 08:00
-
25.02.2021 06:10
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары қаңтардың аяғына дейін ұзартылды
2021 жылғы 15 қаңтар 18:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаулыда жазылғандай, өңір бойынша карантиндік шектеулер 31 қаңтарға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. «Санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар, жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернат қайта ашылады. Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау жалғасады», - делінген құжатта. Сондай-ақ білім беру мекемелерінде қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына рұқсат берілді. Бірақ ондағы келушілер саны 30 пайыздан аспауы тиіс.