Жаңалықтар

Шығыс Қазақстандағы стационарларда 40 адам коронавирустан емделіп жатыр

2022 жылғы 28 наурыз 20:32
Шығыс Қазақстандағы стационарларда 40 адам коронавирустан емделіп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 40 адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді. Оның ішінде 1 азаматта ауру симптомдары байқалған жоқ. «Бір күнде 17 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 40 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 3,7 пайызды құрайды. Жалпы пандемия басталғалы бері аймақ бойынша 59 588 адам вирус жұқтырған», - делінген ақпаратта. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде өткен тәулікте 25 адамнан коронавирус инфекциясының анықталғаны хабарланды.