Жаңалықтар

Шымкентте провизорлық стационарлар 80% босады

2020 жылғы 11 тамыз 13:46
Шымкентте провизорлық стационарлар 80% босады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте провизорлық стационарлардағы төсек-орын саны 80 пайызға босады. Бұл жөнінде бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен-күнге жақсарып, COVID-19-ға шалдыққан науқастардың саны азаюда.

Шымкенттің медициналық ұйымдарында 26 провизорлық бөлімше жұмыс істеген.

«Бүгінгі күні провизорлық орындардың 19 пайызы ғана жұмыс жасап, 81 пайызы босады», - деп хабарлады Т.Вазилов.

Медициналық мекемелер тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастаған. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады.

11 тамыздағы жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5114, оның ішіне 2608 симптомды, 2506 симтомсыз. Індетінен айыққандар саны 3865-ке жетті.

Айта кету керек, елде жарияланған карантин өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді