Жаңалықтар
-
кеше 12:26
-
27.02.2021 23:32
-
27.02.2021 22:20
-
27.02.2021 12:50
-
27.02.2021 12:14
-
27.02.2021 11:18
-
27.02.2021 09:52
-
27.02.2021 09:15
-
27.02.2021 08:39
-
27.02.2021 08:15
-
27.02.2021 08:00
-
26.02.2021 22:33
-
26.02.2021 20:27
-
26.02.2021 16:04
-
26.02.2021 15:11
-
26.02.2021 10:01
-
26.02.2021 09:50
-
26.02.2021 09:20
-
26.02.2021 08:29
-
26.02.2021 08:15
-
25.02.2021 22:08
-
25.02.2021 20:42
-
25.02.2021 18:28
-
25.02.2021 10:36
-
25.02.2021 10:10
-
25.02.2021 09:48
-
25.02.2021 09:43
-
25.02.2021 08:58
-
25.02.2021 08:34
-
25.02.2021 08:15
-
25.02.2021 08:00
-
25.02.2021 06:10
Шымкентте «СПУТНИК V» вакцинасын салудың екінші кезеңі басталды
2021 жылғы 22 ақпан 22:33

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын егу жұмыстары басталды.
Вакцинация шаһардағы төрт екпе бекетінде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғашқылардың бірі болып Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов салдырды. «1-19 ақпан күндері аралығында «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасын салуды аяқтадық. Күні кеше бізге тағы 1000 доза вакцина жеткізілді. Бүгін таңертең төрт емханаға вакцина таратылып, егу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін екпе алғандар екінші дозасын алуы қажет. Бүгін мен өзім екінші дозасын алдым. Қазір жағдайым жақсы», - дейді басқарма басшысы. Айта кетейік, қалаға жеткізілген «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын коронавирус инфекциясымен қауіпті аймақта жүрген медицина қызметкерлері алуда. Мұнан кейін жоспар бойынша өз еркімен келісім берген мұғалімдер мен полицейлерге салынбақ.