Жаңалықтар

СК-Фармация COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмектің 91 түрін сатып алған

2020 жылғы 7 тамыз 12:22
СК-Фармация COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмектің 91 түрін сатып алған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Covid-19 емдеу жөніндегі клиникалық хаттамаға енгізілген 91 дәрілік зат жұқпалы аурулар ауруханаларына және уақытша орталықтарға жөнелтілді.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «КВИ жағдайына байланысты дәрі -дәрмекпен қамту мәселесі: баға, сапа, халықты қамтамасыз ету» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Covid-19 емдеу жөніндегі клиникалық хаттамаға енгізілген 91 дәрілік зат жұқпалы аурулар ауруханаларына (189 аурухана) және уақытша орталықтарға (330 орталық) жөнелтілді. Коронавирус инфекциясы басталғаннан бері 12,8 миллиард теңгенің дәрі-дәрмектері жөнелтілді», - дейді «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.

Оның айтуынша, шілде айының басынан бастап ауруханалардағы дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шұғыл шешу үшін жоспардан тыс 2,6 миллиард теңге көлеміндегі айлық резерв жіберілді.

«Облыс әкімдіктерімен келісе отырып, қалдықтар тұрақты түрде тексеріліп отырады. Шұғыл қажеттіліктегі дәрі-дәрмектерге жоспардан тыс шығындар, сондай-ақ осы саладағы дәрі-дәрмектердің болжалды қажеттілігі үшін талдау жасалады», - деді спикер.

Ол ауруханалардан қосымша өтініштер әлі де келіп жатқандығын айтты.

«Қосымша өтініштер әлі қабылдануда, оның ішінде шілде айына да қатысты өтініштер. Сонымен бірге біз 8,7 млрд теңгеге қосымша сатып алулар жүргізіп жатырмыз. Медициналық ұйымдарға қажетті COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмектің қосымша 91 түрін жедел сатып алдық. 10-15 тамызда біз қосымша тұтынуды қамтамасыз етеміз, сәйкесінше жедел сатып аламыз. Бұл медициналық ұйымдардың қосымша қажеттіліктерін қанағаттандырады, ауруханаларды тапшы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді және ауруханаларда шұғыл қажет дәрі-дәрмектер резервін құрады», - дейді Ерхат Есқалиев.