Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
-
23.02.2021 12:43
-
23.02.2021 09:42
-
23.02.2021 09:09
-
23.02.2021 09:04
-
23.02.2021 09:00
-
23.02.2021 08:15
-
23.02.2021 08:00
Солтүстік Қазақстанның 2 елдімекенінде карантин шаралары күшейтілді
2021 жылғы 26 қаңтар 12:00

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының екі елдімекенінде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мағжан Жұмабаев ауданының Возвышенка және Қарақоға елдімекендерінде қосымша шектеу шаралары енгізілді. Мәселен Возвышенка елді мекенінде 8 қаңтардан бері КВИ жұқтырудың 6 жағдайы тіркелген. М.Жұмабаев ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысына сай, Возвышенка елді мекенінде адамдардың ауылға кіріп-шығуына, оның ішінде көшеде жаяу жүруіне шектеу қойылды. Бұл шектеулердің халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлеріне, медициналық көрсеткіштер бойынша емдеу мекемелеріне баратын тұрғындарға, сондай-ақ елді мекеннің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын-мекеме қызметкерлеріне қатысы жоқ. Сондай-ақ транзиттік автокөліктер, ауыл шаруашылығы техникасы, өзге де тауар тиелген жүк көліктері еш кедергісіз жүреді. Азық-түлік дүкендері жұмысы сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін шектелсе, басқа сауда орындары дүйсенбі-жұма күндері сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін ашылып, ал демалыс және мереке күндері жұмысын тоқтатады. Тұрғындарға жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға және жұмысқа баруға ғана рұқсат. Таңғы сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін халықтың ауыл ішінде жүруіне шектеу қойылған. 65 жастан асқандарға да далаға шығуға шектеу қойылды, оларға қажетті дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізіліп беріледі. Ал сағат 19.00-ден кейін жасөспірімдердің ересектердің қарауынсыз көшеге шығуына тыйым салынды. COVID-19 жұқтырғандар және олармен байланыста болғандар үй карантинін сақтауға міндеттеледі. Мұны жергілікті полиция бақылауға алады. Возвышенка елдімекенінде карантиндік шектеулер 25 қаңтар сағат 16.00-ден бастап күшейтілді.