Жаңалықтар

Соңғы тәулікте 138 адам коронавирус жұқтырып, бір науқас қайтыс болды

2023 жылғы 12 қаңтар 08:11
Соңғы тәулікте 138 адам коронавирус жұқтырып, бір науқас қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 11 қаңтарда 138 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Бір сырқат көз жұмған. Одан бір күн бұрын 175 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.