Жаңалықтар

Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 61 сырқат көз жұмды

2021 жылғы 19 қыркүйек 09:21
Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 61 сырқат көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 17 қыркүйек күні Қазақстан аумағында 56 адам - коронавирустан, тағы 5 адам - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 14 науқас. Шымкент қаласында - 6, Нұр-Сұлтан қаласында және Батыс Қазақстан облысында - 5, Ақмола және Алматы облыстарында - 4, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында - 3, Павлодар, Маңғыстау және Атырау облыстарында - 2, Қарағанды, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған. Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар кездескен. Тек Қостанай және Түркістан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.