Жаңалықтар

Stopfake.kz сайты 1263 фейкті жоққа шығарды - Аида Балаева

2021 жылғы 26 мамыр 15:44
Stopfake.kz сайты 1263 фейкті жоққа шығарды - Аида Балаева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуінде елдегі БАҚ коронавирусқа қатысты жалған ақпаратпен қалай күрескенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-2019» ауруы Қазақстанда пайда болғаны туралы алғашқы фактілер тіркеле салып Сoronavirus2020.kz порталы іске қосылды. Бүгінде оған күн сайын 80 мың пайдаланушы кіреді. Осы сайттың Тelegram каналы жұмыс істеп тұр», - деді Аида Балаева. Министрдің айтуынша, аталмыш Тelegram канал 240 мыңнан астам жазылушысы бар, елдегі ең танымал телеграм ресурстың біріне айналған. «2020 жылдың шілдесінде Stopfake.kz сайтты іске қосу инфодемияға қарсы күресте уақтылы және қажетті қадам болды. Сайт ашылғаннан бері 1263 жалған ақпаратты теріске шығарды», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.